Әлем тынысыБасты жаңалықтарСпорт
Софья Самоделкина АҚШ-та жеке рекордын жаңартып, ТОП-5-ке енді
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина АҚШ-тың Эверетт қаласында өткен Skate America Гран-приінде үздік бестіктен көрінді.

Отандасымыз еркін бағдарламаны сәтті орындап, 137,56 ұпай жинады. Бұл – спортшының осы маусымдағы жеке рекорды. Екі бағдарламаның қорытындысы бойынша 198,59 ұпаймен бесінші орынға тұрақтады.
Бірінші орынды жапониялық Ами Накаи (236,81), екінші орынды бейтарап мәртебедегі Александра Игнатова (213,90), үшінші орынды жапониялық Рино Мацуике (211,63) иеленді.
Айта кетейік, Софья осы маусымда Алматыда өткен Денис Тен мемориалында қола жүлдеге қол жеткізген еді.



