Әлем тынысыБасты жаңалықтарТуризм
Шарын шатқалы әлемдегі үздік 20 каньонның қатарына енді
Қазақстанның көрікті табиғи нысандарының бірі – Шарын шатқалы халықаралық рейтингте жоғары бағаланды. Ол The Worldworthy 100 тізіміндегі үздік 20 каньонның қатарына еніп, 17-орынға тұрақтады.

Шарын шатқалы Canyons & Gorges санатында 10 балдың 9,48 балын жинаған. Халықаралық рейтингке әлемнің 46 елінен 100 каньон мен шатқал енгізілген.
Тізімде бірінші орынды АҚШ-тағы Letchworth шатқалы иеленді. Ал Шарын шатқалы 16-орындағы Мексиканың Basaseachic Canyon Falls нысаны мен 18-орындағы Францияның Gorges de Daluis шатқалының арасында орналасқан.
Рейтинг қорытындысы бойынша Worldworthy редакциясы Шарын ұлттық паркіне арнайы сертификат жолдаған.



