Миллиондаған турист қайда ағылып жатыр? Қазақстандағы туризм саласы рекордтық көрсеткішке жетті

Елімізде саяхаттайтын азаматтардың саны соңғы жылдары күрт көбейді. Мемлекеттік бюджетке түсетін салық пен салаға құйылған инвестиция көлемі де рекордтық межеге жетіп отыр.
Бүгінде Қазақстанда ішкі туристер саны 4,5 миллионнан 8,5 миллион адамға дейін өсті. Бұл туралы Астанада өткен «САЯХАТ 2026» Kazakhstan Travel Forum барысында ҚР Туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев мәлімдеді.
Саланың негізгі көрсеткіштері мен өзгерістері:
• Шетелдік келушілер: Бұрын елімізге 8,5 миллион шетелдік келсе, қазір бұл көрсеткіш шамамен 16 миллионға жетті.
• Салық түсімдері: Жеті жыл ішінде туризмнен түсетін салық мөлшері 160 миллиардтан 630 миллиард теңгеге дейін ұлғайды.
• Инвестиция: Салаға тартылған қаржы көлемі 502 миллиардтан 1,3 триллион теңгеге дейін артты.
•Жұмыс орындары: Қазіргі таңда бұл бағыт 600 мыңнан астам адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
Вице-министрдің айтуынша, туризм тек демалыс орындары емес, ол – инфрақұрылым, көлік қолжетімділігі, сапалы сервис және өңірлер үшін жаңа экономикалық мүмкіндіктер. Алдағы уақытта бұл көрсеткіштерді нақты жобаларға айналдыру және қызмет сапасын жақсарту басты міндет болып қала береді.



