
Сауран ауданының тұрғыны Анажан Муслимова «Ауыл аманаты» бағдарламасының көмегімен кондитерлік цех ашып, кәсібін дөңгелетіп отыр.

Кәсіпкер екі жыл бұрын бағдарлама арқылы 2,5 пайызбен 7 миллион теңге жеңілдетілген несие алған. Сол қаражатқа наубайхана мен кондитерлік цехқа қажетті құрал-жабдықтар сатып алып, өндірісті іске қосқан.

Бүгінде цех тұрақты жұмыс істеп тұр. Мұнда тәтті нан өнімдерінің 28 түрі дайындалады. 6 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Өнімдер Түркістан, Кентау қалаларына, Созақ ауданына, Ескі Иқан мен Жаңа Иқан ауылдарына жеткізіледі. Соңғы уақытта Қызылорда облысының Шиелі ауданынан да сұраныс артып келеді.
Кәсіпкер алдағы уақытта өндіріс көлемін ұлғайтып, жаңа жұмыс орындарын ашуды жоспарлап отыр.



