Басты жаңалықтар

Әлемді аузына қаратқан мақтааралдық Медина

Шетелдің 80 университеті грант ұсынса да, ол мүлдем басқа елді таңдады

Түркістандық Нұрәлі Медина Бектұрсынқызы өз білімінің бәсекеге қабілеттілігін дәлелдеп, дүниежүзінің 80-нен астам топ-университетінен шақырту алды. Оның көшбасшылық қабілеті мен академиялық жетістігіне батыстың ең белді оқу орындары жоғары баға берген.

Ағылшын тілі мен жасанды интеллект бағытындағы жобаларда республиканы бағындырған Мединаға АҚШ пен Еуропаның есігі айқара ашылды. Алайда, оқ бойы озық шыққан отандасымыз көпшілікті таңғалдырып, Оңтүстік Кореяның Inha University оқу орнында білім алуға бел буды.

Жас дарын шетелде сапалы білім алып, елге оралуды және отандық ғылымның әлеуетін көтеруді мақсат тұтып отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button