Басты жаңалықтар

Сирень жұлсаң – 8,7 млн айыппұл

Көктем келді ме — бәрі сирень іздей бастайды. Бірақ биыл бір айырмашылық бар: енді бір букет гүл үшін миллиондап айыппұл арқалап кетуің мүмкін .

Көктем келді ме — бәрі сирень іздей бастайды. Бірақ биыл бір айырмашылық бар: енді бір букет гүл үшін миллиондап айыппұл арқалап кетуің мүмкін.

ІІМ мәліметінше, көшедегі, саябақтағы және тұрғын үй аулаларындағы өсімдіктердің бәрі — жасыл желек. Оларды жұлу немесе зақымдау абаттандыру ережесін бұзу болып саналады.

Заң бойынша:

– 20 АЕК (86 500 теңге) айыппұл
– Қайталанса — 30 АЕК (129 750 теңге)

Ал залал келтірілсе, іс ҚК 340-бабымен қаралады. 

– 692 мың теңгеге дейін айыппұл
– қоғамдық жұмыс
– 40 тәулікке дейін қамау

Ең ауыр жағдай — жеке аумақтағы сиреньге зиян келтіру. Онда іс ҚК 202-бабы бойынша қозғалады.

– 2,2 млн – 8,7 млн теңге айыппұл
– немесе 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу не айыру

ІІМ ескертеді: сирень жұлу — “зиянсыз әдет” емес, заң бұзушылық. Фото-видео дәлел болса, азаматтар 102 нөміріне немесе e-Otinish арқылы хабарлай алады.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button