Басты жаңалықтар
ЕРЕКШЕ КӨРІНІС: Түркістанда сайлаушылар учаскеге қайықпен келіп, дауыс берді

Түркістанда өтіп жатқан Құрылтай сайлауы барысында ерекше оқиға тіркелді. Бірқатар тұрғындар дауыс беру учаскесіне қайықпен келіп, өз таңдауларын жасады.
Қайықпен жеткен сайлаушылар учаскеге ерекше көтеріңкі көңіл-күймен келіп, маңызды саяси науқанға өз үлестерін қосты. Мұндай ерекше көріністер сайлау күнінің есте қаларлықтай өтіп жатқанын көрсетеді. Мамандардың айтуынша, қоғамдық маңызды мәселелерге немқұрайлы қарамай, өз ұстанымын білдіру – саналы азаматтың басты міндеті.
Айта кетейік, Түркістан қаласында 68 сайлау учаскесі (66 ашық, 2 жабық) қызмет көрсетуде. Қала бойынша 136 602 сайлаушы дауыс беру құқығына ие. (Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі)



