Әлем тынысыБасты жаңалықтар

Ақша бар, бірақ адам жоқ: Қытайда шопан табу қиындады

Айына 1,1 млн теңге. Бірақ бұл жұмысқа барғысы келетіндер неге аз?

Әлеуметтік желіде тағы бір “қызық” вакансия талқыға түсті. Айына 16 мың юань — біздің ақшаға шаққанда шамамен 1,1 миллион теңге. Қарап тұрсаң, жаман ұсыныс емес. Бірақ мәселе жалақыда емес.

Бұл жұмыс Қытайдың Ішкі Моңғолия аймағында, Шилин-Хото маңындағы фермада ұсынылған. Міндет – 3 мыңға жуық қойды 2 мың гектар аумақта бағып-күту. Жұмыс беруші жағдайды да жасап қойған: баспана бар, тамақ бар, Wi-Fi бар, тіпті ат пен мотоцикл де береді.

Бұл жұмыс – демалыссыз. Яғни жыл бойы бір күн де үзіліс жоқ. Қыста температура –40 градусқа дейін түседі. Айнала – дала. Қарым-қатынас шектеулі, байланыс әлсіз. Қысқасы, адамнан гөрі қоймен көбірек сөйлесетін өмір.

Сырт көзге “миллион теңге айлық” болып көрінгенімен, оның артында үлкен жалғыздық пен ауыр еңбек тұр. Сол себепті жоғары жалақыға қарамастан, бұл жұмысқа баруға ниеттілер көп емес.

Басқа жаңалықтар

Back to top button