Басты жаңалықтар

Түркістанда газ қауіпсіздігі тексерілді: 84 нысанда кемшілік анықталды

Түркістан қаласында тұрмыстық газды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына қатысты профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Қаладағы 1 532 кәсіпкерлік нысанның 1 445-іне аралау жасалып, 84 нысанда кемшілік анықталған.

Газ инспекциясы мен «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ өкілдері «Қуаныш» сауда орталығында кәсіпкерлерге газды қауіпсіз пайдалану талаптарын түсіндірді. Мамандар газдан уланудың алдын алу, жабдықтарды дұрыс пайдалану және қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде ақпарат берді.

Профилактикалық аралау нәтижесінде анықталған 84 кемшіліктің 43-і белгіленген тәртіпке сәйкес толықтай жойылды.

Қала әкімдігінің мәліметінше, газ қауіпсіздігіне қатысты профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі. Негізгі мақсат – қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз етіп, газды дұрыс пайдаланбаудан туындайтын жағдайлардың алдын алу.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button