Turkistan lifeБасты жаңалықтар

Тазалық – ортақ іс: бір күнде 35 тонна қоқыс жиналды

Бүгін Дүниежүзілік тазалық күніне орай және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Мақтаарал ауданында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Игі бастамаға ауданның 4 мыңға жуық тұрғыны қатысты.

Экологиялық акцияның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру және туған жерге жанашырлықпен қарау мәдениетін қалыптастыру.

Мырзакент кентіндегі «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» саябағында тазалық күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Оған аудан тұрғындары, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, түрлі ұйымдардың өкілдері, жастар мен еріктілер қатысты. Жиында сөз сөйлеген аудан әкімі Бақыт Асанов барша тұрғындарды қоршаған ортаның тазалығына бейжай қарамай, мұндай игі бастамаларға белсенді атсалысуға шақырды.

Атқарылған жұмыстар мен нәтижелер:

Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері өздеріне бекітілген аумақтарды тазартса, тұрғындар ішкі көшелер мен өз аулаларын ретке келтірді.

• Ескерткіштер, аялдамалар, қоршаулар, орындықтар мен қоқыс жәшіктері сырланып, жаңартылды. Саябақтар, скверлер, үлкен жолдардың бойы мен арық-атыздар қоқыстан тазартылды.

Жинақталған қоқыс: Жаппай сенбілік нәтижесінде аудан аумағынан жалпы көлемі 35 тонна қоқыс жиналып, арнайы белгіленген орындарға шығарылды.

Мұндай ауқымды шаралар аудан аумағын таза әрі көрікті ұстаумен қатар, қоғамдық жауапкершілікті арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып қала бермек.

Басқа жаңалықтар

Back to top button