Басты жаңалықтар

Қаладағы жол сапасы бақылауда

Түркістан қаласында жол-көлік инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жалғасуда.

Биыл 180 көшеге жол жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қазір оның 20-сында асфальт төсеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы жұмыс сапары барысында бірнеше көшені аралап, жол құрылысының барысын бақылап шықты.


Яссы секторындағы Домалақ ана көшесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ұзындығы 840 метр, ені 6 метр болатын көшеге екі қабат асфальт-бетон жабыны төселіп, жаяу жүргіншілер жолы салынуда. Қазіргі таңда бірінші қабат асфальт толық аяқталып, аяқ жол пайдалануға дайын. Енді екінші қабат асфальт төселіп жатыр. Нысанды шілде айының соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Жұмыс сапары барысында қала әкімі Сауран секторындағы Майлин көшесін де аралады. Мұнда кәріз жүйесі тартылғаннан кейін жолды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.


Әзімбек Пазылбекұлы жол сапасына қатысты мердігер ұйымға ескерту жасап, талапқа сай келмейтін бөліктерді қайта жөндеуді тапсырды. Сондай-ақ құрылыс нормаларын қатаң сақтап, тұрғындарға қолайсыздық туғызбай, жұмысты белгіленген мерзімде аяқтауды міндеттеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button