Басты жаңалықтар

Картаңызға бейтаныс ақша түсе қалса, қайтаруға асықпаңыз

Қазақстан Ұлттық Банкі «қателесіп аудардым» деген сылтаумен жасалатын алаяқтық схемадан ескертті.

Алаяқтар алдымен картаңызға ақша түскені туралы жалған SMS жібереді. Кейін хабарласып, ақшаны кері қайтаруды сұрайды. Кей жағдайда қаражатты басқа адамның картасына аударуды талап етеді. Тіпті өзін банк немесе құқық қорғау органы қызметкері ретінде таныстырып, асықтыруы не қорқытуы мүмкін.

Мұндай жағдайда не істеу керек?

▪️ Ақшаның шынымен түскенін банктің ресми қосымшасы арқылы тексеріңіз. SMS-хабарламаға ғана сенбеңіз.

▪️ Бейтаныс адамның өтінішімен ақшаны басқа картаға аудармаңыз.

▪️ Ақша шынымен түскен болса, оны жұмсамаңыз. Қайтару тәртібін анықтау үшін банкке ресми нөмірі арқылы хабарласыңыз.

▪️ SMS-кодты, PIN-кодты, CVV нөмірін және банк деректерін ешкімге бермеңіз. Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз.

▪️ Алаяқтық белгілері байқалса, полицияға хабарласыңыз.

Есте сақтаңыз: ақшаны қайтару мәселесін өз бетіңізше шешпей, банк арқылы ресми тәртіппен реттеген дұрыс.

Басқа жаңалықтар

Back to top button