Туризмге 2,2 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды: елде не өзгереді?
Қазақстанда 2024–2025 жылдары туризм саласына 2,2 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды. 2025 жылдың қорытындысында саланың инвестиция көлемі 32,6%-ға өсіп, 1,25 трлн теңгеге жеткен. Ал қазір жалпы құны шамамен 1,3 трлн теңге болатын 328 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр

Жобаларды кезең-кезеңімен іске асыру нәтижесінде 10 мыңға жуық тұрақты жұмыс орныашылып, халықаралық деңгейдегі 25 жаңа қонақүй кешені пайда болады деп жоспарланған. Олардың қатарында Hilton, Mandarin Orientalқонақүй желілерінің нысандары және Oi-Qaragaiтау курортын кеңейту жобасы бар. Бұдан бөлек, 11 өңірде әлемдік деңгейдегі тағы 24 қонақүйдің құрылысы пысықталуда.
Туристер саны да артып келеді
2025 жылы Қазақстанға 15,7 млн шетел азаматыкелген. Оның 11,1 миллионы туристер санатынажатқызылған. Шетелдік қонақтардың Қазақстан аумағындағы шығыны 2,9 млрд доллардықұраған.
Ішкі туризм бойынша да өсім бар. Ел ішінде саяхаттаған қазақстандықтардың саны 2023 жылғы 7,1 млн адамнан 2025 жылы 8,7 млн адамға дейін өскен. Бұл бір жылдағы 10,7%-дық өсімге тең.
Қонақүй мен орналастыру орындары көбейеді
Қазақстандағы орналастыру нысандарының саны 2023 жылы 3 992 болса, 2025 жылы 4 482-гежетті. Ал 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша олардың саны 4,5 мыңнан асты.
Бұл нысандар көрсеткен қызметтердің көлемі де артқан: 2023 жылы 229 млрд теңге болса, 2025 жылы 350,6 млрд теңгеге жеткен.
Туристік бағыттарға апаратын жолдар жөнделіп жатыр
2026 жылы жалпы қолданыстағы 11 мың шақырым автомобиль жолында жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде Рахман қайнарларына, Кендірліге, Баянауылға, Зерендіге және Көлсайға апаратын жолдар бар.
Сонымен қатар Қатонқарағай, Зайсан және Кендірліде жаңа туристік әуежайлар салынуда. Арқалық әуежайы қалпына келтіріліп, Үржардағы терминал жаңғыртылуда. Балқаш әуежайы да жұмысын қайта бастады.
Жазғы маусымда Алакөл, Балқаш, Түркістан, Бурабай және Каспий теңізінің жағалауы бағыттарына аптасына 45 субсидияланатын әуе рейсі ұйымдастырылды.
Алматы тауларында жаңа инфрақұрылым салынады
Алматы тау кластерін дамыту аясында 30 аспалы жол мен 161 шақырым тау шаңғысы трассасынсалу көзделіп отыр.
Ұзақмерзімді мақсат — Алматы тау кластеріне жылына 5 млн турист қабылдау.
2026 жылы 55 ірі туристік іс-шара өтеді
Туризм және спорт министрлігі 2026 жылға арналған мәдени-туристік іс-шаралар күнтізбесіне Қазақстанның 20 өңірінде өтетін 55 ірі іс-шараны енгізді. Олардың қатарында мәдени, этномәдени, спорттық, гастрономиялық және экологиялық бағыттағы шаралар бар.
Ұлттық парктерге балалар тегін кіре алады
2025 жылы мемлекеттік ұлттық табиғи парктерге 3,7 млн адам барған. Қазір қорғалатын табиғи аумақтарда 179 туристік маршрут пен 42 экосоқпақ жұмыс істейді. Ал 2026 жылдан бастап 18 жасқа дейінгі балаларға ұлттық табиғи парктерге кіру тегін болды.
Осылайша, инвестицияның негізгі бағыттары — жаңа қонақүйлер салу, туристік инфрақұрылымды дамыту, жол және әуе қатынасын жақсарту, курорттық аймақтарды кеңейту және ішкі туризмді дамыту. Бұл деректердің барлығы Үкіметтің ресми мәліметтеріне негізделген.



