Басты жаңалықтар

Сауранда дрон жасалады

Түркістан облысының Сауран ауданында ауыл шаруашылығына арналған агродрондар өндірісі қарқын алды.

Өңірде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар таныстырылып, өндіріс орындарының жұмысы көрсетілді.

«Avatar Agricultural Technology Development» ЖШС жүзеге асырып жатқан жоба аясында жылына 600 дана агродрон шығару жоспарланған. Қазіргі таңда өндірістік алаң толық дайындалып, қажетті құрал-жабдықтар орнатылған. Алғашқы сынамалық үлгілер әзірленген. Қазіргі уақытта жобаны толық іске қосу үшін азаматтық авиация саласындағы тиісті рұқсат құжаттарын рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.


Сонымен қатар, ауданда ауыл шаруашылығы мен өңдеу өнеркәсібі бағытындағы бірқатар кәсіпорын жұмысын кеңейтіп келеді. «BNK Group» суару жүйелері мен ауыл шаруашылығы техникаларын құрастырып, агродрон өндірісіне де үлес қосуда. «Aqniet Holding» білім беру ұйымдарына арналған жиһаз және медициналық жабдықтар шығарады.


Ал «Юпитер-М» ЖШС жаңбырлатып және тамшылатып суару жүйелерін өндіріп, өнімдерін ішкі нарықпен қатар Өзбекстанға экспорттап келеді. «TURSAPA» полиэтилен өнімдерін шығарса, «Turan Su» тамшылатып суару құбырларын өндіреді. Сондай-ақ, «Daulet Holding» кәсіпорны жылына 36,5 мың дана ішкі ағаш есік шығарып, тұрақты жұмыс орындарын қамтамасыз етіп отыр.


Сауран ауданында іске асырылып жатқан бұл жобалар өңірдің өндірістік әлеуетін арттырып, ауыл шаруашылығына заманауи технологияларды енгізуге және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button