Басты жаңалықтар

Түркістанда тұрғындар әкім орынбасарына қандай мәселелерін жеткізді?

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек тұрғындарды жеке қабылдап, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.

Кездесуде электромобиль шығаратын зауыт ашу бастамасынан бастап, кәсіпкерлік пен құқық мәселелеріне дейінгі тақырыптар көтерілді.

Тұрғындардың бірі өңірде электромобиль өндіретін зауыт ашу жобасын жүзеге асыруға қолдау көрсетуді сұрады. Сондай-ақ азаматтар кәсіпкерлік қызметке, аудан әкімдігі мен құқық қорғау органдарының жұмысына қатысты мәселелерін жеткізді.

Қанат Қайыпбек жауапты басқармалар мен мекемелерге әр өтінішті заң аясында қарастырып, шешу жолдарын зерделеуді тапсырды. Ол кәсіпкерлік бастамаларды қолдау, инвестициялық жобаларды іске асыруға қолайлы жағдай жасау және азаматтардың құқықтарын сақтау маңызды екенін атап өтті. Берілген тапсырмалардың орындалуы бақылауда болады.

Қабылдауға қалай жазылуға болады?

Тұрғындар облыс әкімі мен оның орынбасарларының қабылдауына e-Otinish арқылы немесе облыс әкімі аппаратының Азаматтарды қабылдау орталығына барып, жазбаша өтініш беру арқылы жазыла алады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button