Басты жаңалықтар

Түркістан облысында нөсерден кейін ауылдарды сел басты

Түркістан облысының Қазығұрт ауданында 1 қазанда жауған толассыз жаңбырдан кейін бірнеше елді мекенді сел басты. Табиғи құбылыстан Қосақаш ауылы да зардап шекті.

Әлеуметтік желіде тұрғындар ауыл ішін лайлы су басқан сәт түсірілген видеоларды жариялады. Кадрларда судың көшелермен ағып, кейбір үйлердің аулаларына кіргені көрінеді.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, сел жүруіне нөсер жауын себеп болған. Су тұрғын үйлердің аулаларына кіргенімен, алдын ала мәлімет бойынша, адам қаза таппаған және тұрғын үйлер қирамаған.

Сел салдарын жою жұмыстарына 64 адам мен 9 арнайы техника жұмылдырылды. Қазір мамандар аумақтарды тазалап, судың салдарын жою жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Аудан тұрғындарына қауіпсіздік талаптарын сақтап, су қайта жүруі мүмкін қауіпті аумақтарға жақындамау ескертілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button