Басты жаңалықтар
Ысталған балықтан кейін төрт адам жансақтау бөліміне түсті
Маңғыстау облысында үй жағдайында дайындалған салқын ысталған балықты жеген төрт адам ауыр жағдайда ауруханаға түсті. Олардың үшеуі – ересек адам, біреуі – 9 жас 10 айлық бала.

Алдын ала мәлімет бойынша, улануға үй жағдайында дайындалған және тоңазытқышта ұзақ уақыт сақталған ысталған балық себеп болуы мүмкін.
Қазір төрт науқастың да жағдайы ауыр. Барлығы өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Дәрігерлер оларға қажетті ем жүргізіп, ботулизмге қарсы арнайы сарысу енгізген.
Мамандар үй жағдайында дайындалатын және тез бұзылатын тағамдарды сақтау талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Улану белгілері байқалған жағдайда өздігінен емделмей, дереу медициналық көмекке жүгіну қажет.



