Басты жаңалықтар

Түркістанда Дубайдан кем түспейтін не салынып жатыр?

Енді түркістандықтар үшін жазда ыстықтан қалай қашамыз деп бас қатырудың қажеті болмай қалды. Өйткені қалада алып әрі заманауи аквапарк кешенінің құрылысы басталды.

Бұл нысан несімен ерекше? Көлемі тікұшақтан көрінеді. Кешеннің жалпы аумағы 120 мың шаршы метрден асады. Алып сырғанақтар, «торнадо» аттракционы, кемпірқосақ сырғанағы және балаларға арналған сиқырлы аква-қамал болады. Кемпинг стиліндегі қонақ үй, банкет залы мен үлкен қабылдау орталығы бір жерде шоғырланады.

Ең басты фишкасы, бұл кешен қыста да жабылмайды. Жазда су шашып ойнайтын бассейн, қыс түскенде зулап айдайтын картинг алаңына айналады! Иә, қателескен жоқсыз, нысан жыл бойы үзіліссіз жұмыс істейді.

Бұл жоба облыс әкімі Нұралхан Көшеров пен шетелдік инвесторлардың келіссөзі арқасында жүзеге асып жатыр. Жаңа жұмыс орындары ашылып, Түркістанның туризмі енді мүлдем басқа деңгейге көтеріледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button