Басты жаңалықтар

Ресейді киіндіріп, Қазақстанды балықпен асырап жатқан қай аудан?

Төлеби ауданында ірі кәсіпорындар мен миллиардтық жобалардың жұмысын таныстыру мақсатында БАҚ өкілдеріне арналған ауқымды пресс-тур өтті. Сапар барысында журналистер өңір экономикасын өрге сүйреп, жүздеген адамды жұмыспен қамтып отырған бірегей нысандарды аралады.

Ауданның өндірістік әлеуетін көрсететін ең маңызды 5 жобаны назарларыңызға ұсынамыз:

«Азия Милк»: Миллиардтық ферманың қуаттылығы

Төлебидегі ең ірі жобалардың бірі – «Азия Милк» шаруа қожалығы. Жалпы құны 1 миллиард теңгені құрайтын бұл заманауи ферма жылына 1300–1350 тонна сүт өндіреді. Кәсіпорын екі кезеңмен іске қосылып, қазіргі таңда мал басы 636-ға жеткен. Мұнда 40-тан астам ауыл тұрғыны тұрақты жұмыс істейді.

«Fish House»: Қазақстанның ең үздік балық өндірушісі

Достық ауылында орналасқан бұл кәсіпорын жылына 300 тонна балық (форель, сазан және ақ амур) өсіреді. Айта кетерлігі, компания Қазақстанның «Ең үздік балық өндірушісі» атағын иеленген. Нысанда 20 адам тұрақты еңбек етіп жатыр.

«Dana» тігін цехы: Отандық өнім Ресейге экспортталуда

Ленгір қаласында жеке кәсіпкер Дана Жұмабаева өз қаражаты есебінен ашқан тігін цехы қазір халықаралық деңгейге шықты. Кәсіпорында жылына 240 мың дана (150 мың жаздық, 90 мың қыстық) арнайы жұмыс киімі тігіледі. Өнімдер еліміздің барлық өңіріне таралып, Ресей нарығына да экспортталып жатыр.

«AiK.kz»: Сағатына 2 мың жұмыртқа науасы

Сұлтанрабат елді мекеніндегі бұл кәсіпорын құс шаруашылығына қажетті өнім шығаруды қолға алған. Жалпы құны 250 млн теңге болатын нысан сағатына 2 мың дана жұмыртқа лотогын шығарады және 20 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Пресс-тур қорытындысы көрсеткендей, Төлеби ауданы тек ауыл шаруашылығымен ғана емес, заманауи өндіріс пен экспорттық әлеуетімен де оңтүстік өңірдің басты қозғаушы күшіне айналып келеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button