Басты жаңалықтар

Қариясын қадірлеген ел: Түркістанда аға буынға құрмет көрсетілді

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Түркістанда «Құрмет. Сүйіспеншілік. Алғыс» атты мерекелік шара өтті. Оған қаладағы ардагерлер, ақсақалдар және аға буын өкілдері қатысты.

Шарада қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қарияларды мерекемен құттықтап, олардың ел мен қала дамуына қосқан үлесін атап өтті. Ардагерлерге алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

Қазір Түркістанда 18 386 зейнеткер бар. Оның ішінде 198 тыл еңбеккері және 372 соғыс ардагеріне теңестірілген азамат бар.

Қарияларға әлеуметтік көмек те көрсетіледі. Биыл 9 мамыр қарсаңында 190 тыл еңбеккері мен қайтыс болған соғыс мүгедектерінің 8 жұбайына 43 250 теңгеден төленді. Сондай-ақ 372 соғыс ардагеріне теңестірілген азаматқа да 43 250 теңгеден берілді.

50 ардагерге санаторлық-курорттық емделуге жолдама ұсынылды. Бұл үшін 10,8 млн теңге бөлінді.

Жыл басынан бері ардагерлер мен зейнеткерлерге 700 жолдама берілді. Оның 360-ы «Құрмет», 340-ы «Мейір» демалыс үйіне арналған. Қаңтар-қыркүйек аралығында жолдаманы 490 адам пайдаланды.

Сонымен қатар аға буын өкілдеріне арналған «Ынтымақ» үйі жөнделіп, қайта жаңартылды. Мұнда қариялардың бас қосып, бос уақытын өткізуіне және түрлі мәдени шараларға қатысуына жағдай жасалған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button