Басты жаңалықтар

72 ГЕКТАР ТАУ БӨКТЕРІ БІР КҮНДЕ ҚАЛАЙ ТАЗАРТЫЛДЫ?

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған Дүниежүзілік тазалық күні («World Cleanup Day») Түркістан өңірінде ерекше қарқынмен атап өтілді. Басты шара Ащысай ауылы маңындағы Қаратау жотасында өтіп, табиғатты қорғауға мыңдаған тұрғын жұмылды.

Бұл тазалық жұмыстарына 4 мыңнан аса адам шығып, 70-ке жуық арнайы техника жұмыс істеді. Белсенділер тек қоқыс жинап қана қоймай, аумақты көгалдандыру үшін 100 түп ағаш екті.

Аймақ әкімі Нұралхан Көшеров экоакцияға тікелей қатысып, тазалық сақтау тек науқан кезінде ғана атқарылатын жұмыс емес, әр азаматтың күнделікті әдетіне айналуы тиіс екенін айтты. Оның айтуынша, бұл бастама – туған жерге деген сүйіспеншілік пен ортақ жауапкершіліктің нақты көрінісі.

Бір күнге созылған ауқымды жұмыстың нәтижесінде 72 гектар тау бөктері мен қоғамдық орындар ретке келтіріліп, 93 тонна тұрмыстық қалдық шығарылды. Жалпы бұл өңірлік акцияға облыс бойынша 74 мыңға жуық тұрғын үлкен үлес қосты. Айта кетейік, өңірде тазалық жұмыстары бұған дейін де жүйелі түрде жүргізіліп, бұрынғы маусымдарда жүздеген тонна қоқыс шығарылған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button