Басты жаңалықтар

Түркістандағы рекорд

Қазақстан Азия чемпионатында топ жарды

Түркістан қаласында жастар мен жасөспірімдер арасында байдарка мен каноэде есуден өткен Азия чемпионаты аяқталды. Отандық спортшылар үшін бұл жарыс аса сәтті өтіп, жалпы есепте 41 медаль еншіледі. Оның тең жартысы, яғни 20-сы алтын жүлде.

23 жасқа дейінгілер (U23): Дмитрий Холмогоров, Стелла Суханова, Сұлтан Шарапиев, Ульяна Киселёва, Вероника Трапезникова және Мария Бровкова сынды саңлақтарымыз қарсылас шақ келтірмей, алтыннан алқа тақты.

18 жасқа дейінгілер (U18): Тимофей Таранов пен Эвелина Костенко жекелей және жұптық сында алтын жүлделерді сарапқа салды. Сондай-ақ, төрт адамдық байдаркадағы жігіттеріміз бен қыздарымыз да мәреге бірінші болып келді.

Күміс (17 медаль) пен қола (4 медаль) жүлдегерлер де ел қоржынын байытып, Қазақстанның осы спорт түрінен Азиядағы көшбасшы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button