Басты жаңалықтар
Түлкібас ауданы сырттан көшет сатып алуды тоқтатып, миллиондаған қаражатты үнемдемек
Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында бюджет қаржысын үнемдейтін маңызды жоба іске қосылды.

Түлкібас ауданында ашылған жаңа тұқымбақ сырттан көшет тасымалдау тәуелділігін толық жойып, миллиондаған қаржыны ауданда алып қалу.
Аудан әкімі Асқар Естібаев пен ауыл ақсақалдары қатысқан бастама аясында мұнда шынар, каштан, қарағай сияқты сәндік ағаштар жергілікті жерде өсіріледі. Алдағы көктемде бұл аумақта арнайы жылыжайлар бой көтеріп, автоматты суару, жарықтандыру мен бейнебақылау жүйелері тартылады.
Нәтижесінде Түлкібастың саябақтары мен көшелерін көркейтуге қажетті көшеттер 100% өз өнімімізбен қамтамасыз етіледі.



