Түркістандық студенттер АҚШ-та білім алады: Аризона университетімен келісім жасалды
Түркістан облысы мұхиттың арғы бетіндегі алып державамен байланысты жаңа деңгейге шығарды.

Облыс әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек пен АҚШ-тағы ҚР құрметті консулы Хью Холлман Түркістан мен Аризона штаты арасындағы стратегиялық әріптестіктің жаңа деңгейін ашты.
Кездесудің басты мақсаты — киелі шаһарда Аризона университетінің өкілдігін ашу және америкалық озық агро-технологияларды өңірге тікелей трансферлеу.
Түркістандағы Халықаралық туризм және меймандостық университетінде Аризона бағдарламасы сәтті басталды. Келесі қадам — студенттерді АҚШ-қа жіберу және Түркістан қаласында Аризона университетінің филиалын іске қосу.
Климаты Түркістанға ұқсас Аризона штатының су үнемдеу,агротехникалық және туристік кластер жүйесі облыс экономикасына енгізіледі.
Консул Хью Холлман облыс делегациясын Аризонаға шақырып, жобаларды сол жерде бекітуді ұсынды.
Америка тарапы Түркістан облысымен Орталық Азиядағы әріптестікті дамытуға ерекше мән беріп отыр


