Басты жаңалықтар
Түркістанда 927 мың баланың қауіпсіздігі цифрлық бақылауға алынды
Түркістан облысында 927 мың баланың қауіпсіздігін бақылау үшін мектептерге «Balazhan» цифрлық платформасы енгізілді. Жаңа жүйе тәуекел тобындағы жасөспірімдердің психологиялық жағдайын бағалап, қиын жағдайдағы балаларға уақытылы көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен жиында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және тәуекел тобындағы балаларға уақытылы көмек көрсету тетіктері талқыланды.
Өңірде 524 мың оқушы мен балабақшалардағы 148 мың бүлдіршіннің әлеуметтік-психологиялық жағдайын зерделеу үшін «111» шұғыл байланыс орталығының да жұмысы күшейтіліп жатыр.
Қағазбастылық пен формалды есептен арылуды талап еткен өңір басшысы жауапты мекемелер мен аудан әкімдеріне әрбір баланың қауіпсіздігін жеке бақылауда ұстауды жүктеді.



