Басты жаңалықтар

Аспанды бағындырған Түркістан

Жаңбырды мәжбүрлеп жаудыру операциясы басталды

Түркістан облысындағы құрғақшылық мәселесін шешу үшін Үкімет деңгейінде бұрын-соңды болмаған ауқымды операция басталды, деп хабарлайды Turkistanlife.kz тілшісі.

Өңірдегі 911 мың гектар егістік алқабын аман алып қалу мақсатында Орталық Азия бойынша тұңғыш рет ғарыштық мониторинг пен авиация күші жұмылдырылып, жасанды жаңбыр жауғызу технологиясы ресми түрде іске қосылды.

Біріккен Араб Әмірліктерімен бірлескен бұл бірегей жоба өңір экономикасына жылына 35 миллиард теңгеге дейін таза табыс әкеледі деп күтілуде. Бұл әдіс «жоқ жерден жаңбыр жасау» емес, аспандағы дайын бұлттардың ылғалын барынша тиімді пайдалануға негізделген.

Жоба авторлары бұл операцияның қоршаған ортаға мүлдем зиянсыз екенін айтады. Жасанды жауын тек су тапшылығы сезілген егістік алқаптарында ғана жүргізіледі және оның әсер ету радиусы 5 шақырымнан аспайды. Сондықтан бұл процесс ешқандай табиғи апатқа немесе сел жүру қаупіне алып келмейді.

Стратегиялық маңызы жоғары бұл миссияға еліміздің 11 министрлігі бірдей жұмылдырылған. Қазіргі уақытта араб ғалымдары жергілікті мамандарға бұлтты басқарудың қыр-сырын үйретіп, дәріс оқып жатыр. Егер Түркістан облысындағы бұл пилоттық жоба өзін толық ақтаса, технология Қазақстанның су тапшылығынан зардап шегетін басқа де өңірлеріне жаппай енгізіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button