Басты жаңалықтар
475 мың бала жазғы демалыспен қамтылады
Түркістан облысында биыл 1–10 сыныпта оқитын 475 838 бала жазғы демалыспен қамтылады. Бұл – өңірдегі оқушылардың 95,7 пайызы.

Балалардың қауіпсіз әрі сапалы демалысын ұйымдастыру мәселесі облыс әкімінің бақылауында. Осыған байланысты облыс әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаевтың төрағалығымен арнайы жиын өтті.
Биыл өңірде 25 қала сыртындағы лагерь жұмыс істейді. Оның 10 мемлекеттік, 15 жекеменшік. Бұдан бөлек, мектеп жанындағы лагерьлерде еңбек, шығармашылық, спорттық және туристік бағыттағы іс-шаралар ұйымдастырылады. Әлеуметтік осал санаттағы балалардың демалысына да басымдық берілген.

Жиында лагерьлердің қауіпсіздігі, санитарлық талаптардың сақталуы, инфрақұрылымды жақсарту және материалдық базаны нығайту мәселелері қаралды. Жауапты мекемелерге балалардың қауіпсіз әрі мазмұнды демалысын қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берілді.



