Басты жаңалықтарКүндерек
Жұмыс істеймін деген адамға жұмыс табылады
Қазақстанда жұмыс жоқ деген пікірге Премьер-министр Олжас Бектенов жауап берді. Үкімет отырысында елдегі бос жұмыс орындары мен маман тапшылығы талқыланды.

Жыл басынан бері 850 мың бос жұмыс орны ұсынылған. Еңбек министрі Асқарбек Ертаевтың айтуынша, оның 420 мыңы жұмысшы мамандықтарға тиесілі.
Қазақстандықтардың 60–70%-ы жұмыс іздеушілерге арналған портал арқылы жұмыс табады. Алайда бос орындардың 30–40%-ын жергілікті мамандар толтыра алмай отыр.
Осыған байланысты кәсіпкерлер қажетті кадр жетіспеген жағдайда шетелден жұмысшылар тартуға мәжбүр. Бектенов мұның кей кәсіпорындардың жұмысына әсер етуі мүмкін екенін айтты.
«Жұмыс істеймін деген адамға жұмыс табылады. Елде “жұмыс жоқ” деген түсінік болмауы керек», – деді Премьер-министр.



