Басты жаңалықтар

«Made in KZ» революциясы

Түркістан дүкендерінің жаңа кейпі

Түркістан облысының сауда орындарында нағыз «төңкеріс» басталды. Енді дүкенге кіргенде көзіңізге бірінші түсетін тауарлар шетелдік емес, өзіміздің отандық өнімдер.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің тікелей тапсырмасынан кейін өңірдегі ірі сауда желілері жаңа ережеге көшті.

Жаңа ереже бойынша, дүкендердегі ең ыңғайлы, яғни адамның көз деңгейіндегі (eye-level)сөрелер тек қазақстандық өнімдерге беріледі. Отандық тауарлар арнайы жарқыраған маңдайшалармен ерекшеленеді. Сауда алаңы мен сөрелердің кемінде 30 пайызы міндетті түрде отандық өнімдерге тиесілі болуы керек. Ең өтімді тауарлардың қасына міндетті түрде қазақстандық баламалары қойылады.

Түркістан облысында бұл жұмыс қарқынды басталып кетті. Мысалы, Magnum сауда желісінде отандық ірімшіктер (сыр) сауданың көшін бастап тұр. Қазірдің өзінде тұтынушылар арасында жоғары сұранысқа ие брендтер. Бұл брендтердің өнімдері қазір ең көрнекі жерлерге қойылған. Егер сауда нүктесінде отандық өнім жетіспесе, дүкен әкімшілігі Отандық өндірушілердің бірыңғай тізілімі арқылы тауарды өзі іздеп тапсырыс беруге міндетті.

Енді Түркістан тұрғындары шетелдік жарнамасы жер жарған өнімдерді іздеп уақыт жоғалтпайды. Сапалы, табиғи әрі бағасы қолжетімді жергілікті тауарлар дәл алдыңызда тұр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button