Басты жаңалықтар

Танк астындағы бір минут

Түркістанда жас сарбаздар танкпен шайқас жаттығуын өткізді

Түркістан облысындағы «Дарбаза» оқу полигоны нағыз ұрыс алаңына айналды. Мұнда көктемде әскерге шақырылған 200 жас сарбаз ең қауіпті әрі жауапты жаттығу — «танкпен шайқас»сынағынан өтті.

Жаттығудың ең сескендірер сәті — «танкпен жаттығу» элементі. Сарбаз тар окоптың ішінде жатады, ал оның үстінен ондаған тонналық алып танк гүрілдеп өте шығады. Мақсаты сарбаздың бойындағы үрейді жойып, суыққандылықты қалыптастыру. Төңіректі түтін басып, айнала отқа оранған. Танк шынжыр табанының гүрілі жер сілкінгендей әсер береді.

Сарбаздар тек танк астында жатып қана қоймай, тікенекті сымдардың астымен жер бауырлап, оқ пен оттың ортасында кедергілер жолағын еңсерді.

«Бұл жауынгердің рухын шыңдайтын сәт. Танктің астынан аман шыққан сарбаз кез келген қиындықты жеңе алатынына сенеді», – дейді жиын бастығы, подполковник Қуаныш Айдынғалиев.

Бұл сынақтан сүрінбей өткен 200 жауынгер жуырда Әскери ант беріп, Отан алдындағы борышын өтеуге толықтай кіріседі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button