Басты жаңалықтар

Қазақстанда 4,7 млн геологиялық құжат цифрландырылды

Геологиялық сала дегеніміз не және ол бізге не үшін керек?

Қарапайым тілмен айтқанда, геология— бұл жердің құрылысын, оның тарихын және қойнауындағы байлықтарды зерттейтін ғылым. Ал геологиялық сала — мемлекеттің ең маңызды «қазына іздеушісі». Біз күнделікті өмірде қолданатын ұялы телефондар, көліктер, үйіміздегі жарық пен жылу — осының бәрі геологтар тапқан мұнай, газ, мыс, алтын және басқа да пайдалы қазбалардан жасалады.

Қазақстанда ондаған жыл бойы тек қағаз күйінде сақталған геологиялық деректерді цифрландыру жұмысы аяқталуға жақын қалды. Қазіргі таңда тарихи мәліметтердің 97,5%-ы сканерленген. Бұл — шамамен 4,7 миллион көне карталар мен күрделі есептерді қамтиды.

Бұрын мамандарға бір кен орнын зерттеу үшін архивтерде апталап, айлап сарғайған қағаздарды ақтаруға тура келетін.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірованың мәлімдеуінше, геология саласына жасанды интеллект (AI) пен заманауи талдау технологиялары белсенді түрде енгізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта елімізде геологиялық деректердің бірыңғай цифрлық базасы құрылуда.

Бұл жүйенің басты ерекшелігі неде?

Мамандар әр құжатты жеке-жеке қарап бас қатырмайды, жүйе барлық ақпаратты бір уақытта тұтас талдауға мүмкіндік береді.

Бүгінде жүйенің алғашқы нұсқасы дайындалып, оған 1 терабайт көлеміндегі мәлімет жүктелген.

Жаңа технология қажетті ақпаратты іздеу жұмысын бірнеше есе жылдамдатып, түрлі деректерді өзара салыстыруға және сараптама сапасын арттыруға көмектеседі.

Жаңа технология іздеу жұмысын жылдамдатып, түрлі деректерді салыстыруға және сараптама сапасын арттыруға көмектеседі.

Дегенмен соңғы шешімді әлі де сала мамандары қабылдайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button