Басты жаңалықтар

Ордабасылық келіншек 555 мың теңгені қалай 8 миллионға айналдырды?

Түркістан облысы, Ордабасы ауданының тұрғыны Ләйлә Әбдімәжитқызы мемлекеттік қолдаудың арқасында шағын кәсібін табысты бизнеске айналдырды. Алғашқыда азғантай грантпен бастаған іс бүгінде ауқымды тігін цехына айналып отыр, деп хабарлайды turkistanlife.kz

Кәсіпкердің табысқа жету жолы 2022 жылы басталды. Сол кезде ол мемлекет тарапынан берілетін 555 мың теңге көлеміндегі қайтарымсыз грантты ұтып алып, алғашқы тігін цехын ашты. Бұл қаражат істі бастауға қажетті алғашқы құрал-жабдықтарды алуға септігін тигізген.

Алайда, кәсіпкер мұнымен тоқтап қалмай, бизнесін одан ары дамытуды көздеді. Бұл мақсатта ол «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысып, 8 миллион теңге көлемінде жеңілдетілген несиеге қол жеткізді.

Бүгінде Ләйлә Әбдімәжитқызының тігін шеберханасы заманауи үлгідегі тігін машиналарымен жабдықталған. Цехтың негізгі бағыттары көрпе-көрпешелер, төсеніштер мен жастықтар, сапалы маталар, мақта және дайын киім-кешектер, түрлі мекемелердің сұранысын орындау.

Қазіргі таңда ордабасылық тігінші ауданның түкпір-түкпірінен келетін тапсырыстарды дер кезінде орындап, халықтың алғысына бөленіп отыр. Бұл мысал мемлекеттік қолдау мен еңбекқорлық ұштасқанда ауылда да табысты бизнес құруға болатынын дәлелдейді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button