Басты жаңалықтар
Түркістанда ескі автобустан жасалған ерекше аялдама пайда болды

Түркістан қаласының Қызылорда бағытына шығатын аумағында қоғамдық көліктің жарамсыз қаңқасынан жасалған ерекше аялдама орнатылды.
Бұл бастаманы «Жолаушы» ЖШС қолға алған. Жобаның басты мақсаты – істен шыққан автобусты қайта кәдеге жаратып, оны қала тұрғындары мен жолаушыларға қажетті заманауи нысанға айналдыру.
Мекеме басшысы Рахымжан Еркіновтің айтуынша, аялдаманы дайындау жұмыстарына бір айдан астам уақыт жұмсалған. Мамандар автобус қаңқасын арнайы кесіп, аялдамаға бейімдеп, сырлап, заманауи талаптарға сай етіп әрлеген.
Осылайша, бұрын қала көшелерінде жолаушыларға қызмет еткен қоғамдық көлік бүгінде тұрғындар үшін жайлы аялдама қызметін атқаруда.



