Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «TAZA QAZAQSTAN» АЯСЫНДА БІР КҮНДЕ 20 МЫҢ АҒАШ ЕГІЛДІ

Түркістан облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Taza Qazaqstan» жалпыұлттық бастамасы аясында ауқымды экологиялық акция өтті. Шара Түлкібас ауданындағы «Ақсу-Жабағылы» мемлекеттік табиғи қорығының 100 жылдығына орай ұйымдастырылды.


Акцияға қатысушылар онлайн форматта Президентпен телекөпір арқылы байланысып, өңірдегі экологиялық жұмыстар туралы мәлімет берілді.


Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің айтуынша, өңірде бағдарлама басталғалы 2 миллионнан астам ағаш егілген, ондаған саябақ пен скверлер ашылған, өзен-көлдер мен бұлақтар тазартылған.

Бүгінгі шара барысында облыс көлемінде 20 мың түп ағаш отырғызылып, 340 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 350 тонна қоқыс шығарылып, 17 мың гектар аумақ тазартылды.


Түлкібас ауданындағы негізгі іс-шара «Ақсу-Жабағылы» қорығы аумағында өтті. Мұнда 2 мыңнан астам адам қатысып, 1000 түп көшет егілді.


Айта кетейік, 1926 жылы құрылған «Ақсу-Жабағылы» қорығы – еліміздегі тұңғыш табиғи қорық. Мұнда 1300-ден астам өсімдік түрі мен қар барысы, арқар, сілеусін сияқты сирек жануарлар мекендейді. Қорық ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваттар тізіміне енген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button