Басты жаңалықтар
БЕРЕКЕЛІ БАСТАМА: Келес ауданында сайлау науқанымен қатар жәрмеңке ұйымдастырылды

Бүгін Келес ауданы, Абай ауылындағы №324 сайлау учаскесінде маңызды науқанға орай ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.
Шара барысында ауыл тұрғындарына жергілікті шаруалар өндірген сапалы өнімдер ұсынылып, халыққа қолайлы жағдай жасалды. Бұл бастама тұрғындардың сайлау учаскелеріне келуін қолдаумен қатар, отандық өнім өндірушілерді ынталандыруға үлес қосады.



