Басты жаңалықтар

Елімізде ет бағасы бір жылда 18%-ға қымбаттады

Қазақстанда соңғы бір жыл ішінде ет бағасы айтарлықтай өсіп, тұтынушылар шығыны артты. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ет өнімдерінің құны орта есеппен 18%-ға жоғарылаған, деп хабарлайды turkistanlife.kz

Бағаның ең жоғары өсімі қой және сиыр етінде тіркелген. Сарапшылар мұны мал азығы бағасының қымбаттауы және логистикалық шығындардың артуымен байланыстырады.

Атап айтқанда:
– қой еті – 24,5%-ға қымбаттады
– сиыр еті – 22%-ға өсті
– жылқы еті – 15%-ға артты

Салыстырмалы түрде қолжетімді саналған ет түрлері де қымбаттаудан тыс қалмады:
– шошқа еті – 13,5%
– құс еті – шамамен 11%

Мамандардың айтуынша, бағаның өсуі алдағы уақытта да жалғасуы мүмкін. Бұл өз кезегінде халықтың күнделікті тұтыну себетіне қосымша салмақ түсіреді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button