Басты жаңалықтар

Ордабасыда темекі зауыты ашылады

Ордабасы ауданында жалпы құны 1 млрд теңгелік инвестициялық жоба жүзеге аспақ

Түркістан облысының Ордабасы ауданында қытайлық инвестордың қатысуымен темекі өнімдерін шығаратын жаңа өндіріс орны ашылады.

Жаңа кәсіпорында өндірілетін өнімнің 60 пайызы экспортқа, ал 40 пайызы Қазақстанның ішкі нарығына бағытталады. Жоба өңірдің экспорттық әлеуетін арттырып, өңдеу өнеркәсібінің дамуына серпін береді.


Өндірісті іске асыру үшін Ордабасы ауданында инвесторға жер телімі беріліп, өндіріс алаңы қажетті инженерлік-инфрақұрылым желілерімен қамтамасыз етіледі.

Инвестициялық жобаны жүзеге асыру жөніндегі меморандум Ордабасы ауданы әкімдігі мен қытайлық инвестор арасында Алматы қаласында өткен «Қытай тауарларының Алматы қаласындағы XXI көрмесі» аясында жасалды.

Жоба іске қосылғаннан кейін ауданға тартылатын инвестиция көлемі артып, жаңа жұмыс орындары ашылады. Сонымен қатар, өңірдің экспорттық мүмкіндігі кеңейіп, Ордабасы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button