Испания – футболдан әлем чемпионы

Испания құрамасы футболдан әлем чемпионатының финалында Аргентинаны 1:0 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанды.
Нью-Йоркте өткен финалдық кездесудің негізгі уақыты 0:0 есебімен аяқталды. Жеңімпаз қосымша уақытта анықталып, 106-минутта Ферран Торрес соққан жалғыз гол Испанияға жеңіс сыйлады.
Кездесу барысында Испания айқын басымдық танытты. Испаниялық футболшылар Аргентина қақпасына 20 соққы бағыттаса, Аргентина ойын бойы небәрі екі рет ғана қарсылас қақпасына қауіп төндірді.
Финалды АҚШ президенті Дональд Трамп стадионнан тамашалады.
Осылайша Испания құрамасы өз тарихында екінші рет Еуропа чемпионаты мен әлем чемпионатын қатарынан жеңіп отыр. Команда 2024 жылы Еуропа чемпионатында топ жарса, 2026 жылы әлем кубогын иеленді. Бұған дейін испандар дәл осындай жетістікке 2008 жылғы Еуропа чемпионаты мен 2010 жылғы әлем чемпионатында қол жеткізген болатын.
Турнир қорытындысы бойынша Испания құрамасының қақпашысы Унаи Симон үздік қақпашы атанса, жас ойыншы Пау Кубарси үздік жас футболшы атағына ие болды. Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе турнирдің үздік сұрмергені атанды. Ал Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Родри әлем чемпионатының ең үздік ойыншысы деп танылды.
Ал 2022 жылғы әлем чемпионы Аргентина бұл жолы күміс жүлдені қанағат тұтты.



