Басты жаңалықтар

Түркістанда шіркейге қарсы бақылау күшейді

Сырдария өзені бойында шіркей дернәсілдерінің дамуы ғылыми бақылауға алынып, оларды биологиялық және химиялық әдістермен жүйелі жою шаралары қолға алынды, деп хабарлайды turkistanlife.kz

Биыл энтомологиялық мониторинг мақсатында өзен бойында бірнеше кезеңдік бақылау жүргізілді. Атап айтқанда, 2026 жылдың 14-15 ақпан, 7, 8, 15, 22, 23, 25 және 28 наурыз күндері табиғи және жасанды субстраттардан арнайы әдістемелер арқылы қажетті үлгілер жиналып, зертханалық талдауға жіберілді. Сонымен қатар зерттеу аясында өзен суының негізгі физика-химиялық көрсеткіштері анықталып, тұрақты мониторинг жүргізілуде. Олардың қатарына су температурасы, рН көрсеткіші, минералдану деңгейі, электрөткізгіштік, еріген оттегі мөлшері (оксиметрия) және су ағымының шығыны жатады.


Жалпы ғылыми сүйемелдеу жұмыстарын жүзеге асыру үшін 6 білікті биолог маман тартылып, арнайы техникалар, жүзу құралдары (қайық) және зертханалық базамен толық қамтамасыз етілген.


Сырдария өзенінің Түркістан облысы аумағынан өтетін бөлігінің ұзындығы 350 шақырымнан асады. Өзен бойында зерттеу және өңдеу жүргізілетін арнайы учаскелер белгіленіп, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы жергілікті атқарушы органдардың тұрақты бақылауында тұр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button