FocusБасты жаңалықтар
Қазығұртта Грейг қызғалдағы гүлдеді

Қазығұрт ауданының Шанақ ауылында Қазақстанның Қызыл кітабына енген Tulipa greigii – Грейг қызғалдағы көктемгі күннің шуақты сәтінде бүр жарып, табиғатты қызыл түске бояды.

Биіктігі 10–15 см болатын бұл эндемик өсімдік болып өсіп, тау бөктерлері мен шөлейтті аймақтарда сирек кездеседі. Жапырақтарындағы қара-қоңыр өрнек пен қанық қызыл гүлдері оны ерекше етіп көрсетеді. XIX ғасырда ботаник Самюэль Грейг құрметіне аталған бұл қызғалдақ – Орталық Азияға тән бірегей туынды.

Сирек кездесетін өсімдіктер қатарында болғандықтан, Грейг қызғалдағына қол сұғуға, таптауға немесе заңсыз жинауға қатаң тыйым салынған.

Көктемнің символы – Грейг қызғалдағы, табиғат сұлулығының айнасы!



