Басты жаңалықтар

Ерлан Қарин Джеки Чанмен Қазақстандағы кино жобаны талқылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша вице-президент Ерлан Қарин халықаралық киножобаның түсірілім тобы мүшелерімен кездесті. Жиынға әлемге әйгілі актер әрі режиссер Джеки Чан, сондай-ақ шетелдік және қазақстандық продюсерлер қатысты.

Тараптар Қазақстанда бірлескен киножобаларды жүзеге асыру және халықаралық киноиндустриямен ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.

Ерлан Қарин мұндай жобалар отандық киноиндустрияның дамуына, жергілікті мамандардың тәжірибесін арттыруға және Қазақстанның халықаралық киноөндіріс алаңы ретіндегі әлеуетін танытуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Кездесуде кино саласындағы жасанды интеллект пен жаңа технологияларды дамыту мәселесі де сөз болды. Қарин биыл Астанада өткен Astana AI Film Festival фестиваліне әлемнің 125 елінен 8 мың өтінім түскенін айтты.

Соңында Ерлан Қарин Джеки Чанға Қазақстанға деген ықыласы үшін алғыс білдіріп, шығармашылық жұмысына сәттілік тіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button