Басты жаңалықтар
Түркістандық тоғызқұмалақшылар Атырауда өткен ел чемпионатында топ жарды

Атырау қаласында 20-29 наурыз аралығында өткен тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында Түркістан облысының құрамасы жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жүлделі орындарды иеленді, деп хабарлайды turkistanlife.kz
Атап айтқанда, 17 жасқа дейінгі қыздар арасында тоғызқұмалықтың рапид түрінен Нұрсая Ұстазхан қарсыластарынан оқ бойы озып, ел чемпионы атанды. Сондай-ақ, 15 жасқа дейінгі қыздар арасында рапид бағдарламасында Айару Қалдыбекова күміс жүлдеге ие болса, осы жас санатындағы классика түрінде Азеля Әбдірали қола медальді қанжығасына байлады.



