Түркістан облысындағы референдумда түстен кейін де тұрғындардың белсенділігі жоғары

Түркістан облысында республикалық референдумға қатысу белсенділігі түстен кейін де жоғары деңгейде, деп хабарлайды turkistanlife.kz
Соңғы мәліметтер бойынша, Түркістан облысы дауыс берушілердің келуі жағынан көшбасшы аймақтардың қатарында. Орталық референдум комиссиясының сағат 16:00-дегі дерегіне сәйкес, Түркістан облысы тұрғындарының 72,3%-ы өз таңдауын жасап үлгерген. Бұл өңір халқының саяси науқанға деген жоғары жауапкершілігін көрсетеді.

Түркістан облысы — еліміздегі ең тығыз қоныстанған және сайлаушылар саны көп аймақ. Қазіргі таңда, облыстың жалпы халық саны 2 154 000 адам. Дауыс беру құқығына ие азаматтар: 1 187 257 адам (халықтың 55,4%-ы) құрайды. Жалпы учаскелер саны: 947 (оның ішінде 26 жабық учаске бар).

Тұрғындар учаскелерге отбасымен келіп, мерекелік көңіл-күймен дауыс беруде. Күннің екінші жартысында да сайлаушылардың қарасы азаймаған.
Естеріңізге сала кетейік, референдум учаскелері кешкі сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.



