Түркістанда бірлік күні қалай өтті?

Бүгін Түркістан нағыз думанның ортасына айналды. «Керуен сарай» туристік кешенінде 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні ерекше деңгейде өтті.

Облыс әкімі Нұралхан Көшеров халықты құттықтап, біздің өңірде 50-ден астам этнос өкілі бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқанын мақтанышпен айтты.

Сондай-ақ, әкім жақын арада Түркістанда Түркі мемлекеттері президенттерінің үлкен жиыны өтетінін сүйіншіледі. Бұл дегеніміз, қаламыздың танымалдылығы мен туризмі тағы бір сатыға көтеріледі деген сөз. Көп жылдан бері еңбек етіп жүрген этномәдени бірлестік өкілдері құр қол кеткен жоқ, салтанатты түрде марапатталды.

Мерекелік кеш одан әрі ән мен жырға ұласты. Сахна төрінде «Арнау», «Семсер», «Жаңа леп» топтары мен «Фараб» би ансамблі өнер көрсетіп, жұртшылықты нағыз думанға бөледі.




