Басты жаңалықтар

«TÚRKISTAN» орталығының нәтижесі қандай?

«TÚRKISTAN» орталығы арқылы 55 млрд теңгеден астам инвестиция тартылд

Түркістан облысында кәсіпкерлікті қолдау қарқынды жалғасуда. «TÚRKISTAN» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының сүйемелдеуімен 343 жоба іске асып, 55,4 млрд теңге инвестиция тартылды. Нәтижесінде 3 600-ден астам жаңа жұмыс орны құрылды, деп хабарлайды turkistanlife.kz


«Орталықтың басты мақсаты – кәсіпкерлерге «бір терезе» қағидасы арқылы кешенді қызмет көрсетіп, кәсіп бастау мен дамытуға қолайлы жағдай жасау. 2025 жылы орталықта 28 мыңнан астам кәсіпкерге кеңес беріліп, 3 мыңға жуық бизнес-жоспар дайындалды. 1 469 жоба сүйемелденіп, олардың жалпы құны 14 млрд теңгеге жетті. Сонымен қатар, рұқсат құжаттарын алу мәселесі де оңтайландырылып, 20 мыңнан астам кеңес берілді. Орталыққа цифрландыру бағыты бойынша CRM жүйесі енгізіліп, kasip.info платформасы іске қосылды. Білім беру бағыты бойынша былтыр 500 адам кәсіпкерлік негіздерін меңгеріп, сертификат алған. Ал 2026 жылы 1 500 кәсіпкерді оқыту жоспарланып отыр. Биылғы жоспар бойынша 338 жобаға қолдау көрсетіліп, 35,3 млрд теңге инвестиция тарту көзделген. Бұл өз кезегінде 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Жобалар өндіріс, ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету және сауда салаларын қамтиды»  -деп баяндады орталық басшысы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button