ӘМСҚ енді Қаржы министрлігіне есеп береді

Қазақстанда медициналық сақтандыру жүйесін қаржыландыру форматы өзгерді, деп хабарлайды turkistanlife.kz
Премьер-Министрдің шешімімен ӘМСҚ Қаржы министрлігінің басқаруына өтіп, медициналық көмек сапасы мен қаржылық тұрақтылықты нығайту бойынша жүйелі жұмысын жаңа деңгейде жалғастырмақ.
Қорда атап өткендей, аталғанұйымдастырушылық өзгерістер операциялыққызметке әсер етпеді: жұмыс штаттық режимдежүргізілуде, медициналық ұйымдар алдындағыбарлық міндеттемелер толық көлемде орындалуда.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі және тегін медициналық көмектіңкепілдік берілген көлемі аясындамедициналық көмекті қаржыландыру тұрақтытүрде жүзеге асырылуда. Медициналық ұйымдардың қаржылықтұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатындакелісімшарттардың жылдық сомасының 20%-ына дейін алдын ала төлем (аванс) жасалды. Бұл қызметкөрсетушілерге жұмысты жоспарлы түрдеұйымдастыруға және халыққа медициналықкөмекті үздіксіз көрсетуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ Қорда ағымдағы жылға арналған медициналық қызметтерді сатып алу қорытындыларын жариялады. Атап айтқанда, 2026 жылы медициналық көмекті сатып алуға 2 679,7 млрд теңге қарастырылған. Оның ішінде:
* 1 316 млрд теңге – ТМККК аясында;
* 1 363,7 млрд теңге – МӘМС жүйесінде.
Биыл халыққа 1859 медициналық ұйым қызмет көрсетеді. Оның ішінде 1757 мекеме МӘМС аясында қызмет көрсетуші болып табылады. Аталған ұйымдардың:
* 608-і – мемлекеттік;
* 1 149-ы – жекеменшік ұйымдар.
Бұл мемлекеттік емес сектордың белсенді қатысуын және бәсекелестік ортаның нығаюын айғақтайды және өз кезегінде медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасының артуына ықпал етеді.
Қорда қолданыстағы заңнамаға сәйкес, төлем тек нақты көрсетілген медициналық қызметтер үшін жүргізілетінін еске салады. Яғни, төлем дәрігер қабылдауы, консультация, зерттеулер, диагностика немесе ауруханаға жатқызу секілді нақты көрсетілген қызметтер үшін ғана жасалады. Пациенттің нақты қатысуынсыз қызметтерді рәсімдеу көзделмеген және оған жол берілмейді.
«МӘМС жүйесіндегі әр теңге мақсатты түрде жұмсалады. Қор тек медициналық көмектің расталған жағдайларына ғана төлем жүргізеді. Бұл – ашықтық пен қаржылық тәртіпті қамтамасыз етудегі біздің қағидатты ұстанымымыз», – деп атап өтті ӘМСҚ Басқарма төрағасы Гүлмира Сәбденбек.
Қор қаражаттың тиімді әрі ашық пайдаланылуын қамтамасыз ету бағытындағы бақылау жұмысын күшейтуде. 2025 жыл бойынша өңірлердегі деректерге егжей-тегжейлі талдаужүргізілуде. Қате көрсетілген және төленген қызметтер анықталған жағдайда заңнамада көзделген шаралар, соның ішінде есеп айырысуды түзету және қаражатты қайтару тетіктері қолданылады.
Сонымен бірге бақылау жұмысы тәуекелге негізделген тәсіл қағидаттары бойынша ұйымдастырылуда. Қор мониторингтің сараланған тәртібін қамтамасыз ететін тәуекелдерді басқару жүйесін (ТБЖ) енгізуде. Келісімшарт міндеттемелерін тұрақты әрі адал орындайтын медициналық ұйымдар үшін әкімшілік жүктемесі азайтылған тексеру форматы қолданылады. Бұл бақылау ресурстарын тәуекелі жоғары аймақтарғабағыттауға және қаржылық тәртіп пен медициналық ұйымдардың тұрақты дамуында теңгерімді сақтауға мүмкіндік береді.



