Басты жаңалықтар

Түркістан облысында құтқарушылар тасқын құрсауында қалған 29 адамды құтқарды

Жаңақорған өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі салдарынан демалыс орнында оқшауланып қалған азаматтар қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды turkistanlife.kz

Түркістан облысының Абай ауылында ТЖМ мамандары күрделі құтқару операциясын сәтті аяқтады. Өңірде орын алған қолайсыз ауа райы мен толассыз жауған жауын-шашыннан кейін Жаңақорған өзені арнасынан асты. Су тасқыны демалыс орнына баратын жалғыз топырақ жолды шайып кетіп, адамдардың қауіпсіз бағытпен қайтуына мүмкіндік болмай қалды.

Шақырту бойынша оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары жедел жетті. Судың ағысы қатты және жағдайдың күрделілігіне қарамастан, мамандар кәсіби шешім қабылдады:

Жолдың қираған учаскесі арқылы арнайы өткел ұйымдастырылды;
Қауіп аймағынан барлық адамдар кезекпен эвакуацияланды;
Құтқарушылардың үйлесімді әрекетінің арқасында барлығы 29 адам, оның ішінде 8 бала аман-есен құтқарылды.

«Құтқарушылар су деңгейінің жоғарылығы мен ағыстың жылдамдығына қарамастан, әрбір адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Зардап шеккендер жоқ» — деп хабарлады ведомстводан.

Эвакуацияланған азаматтардың барлығы арнайы техникамен Түркістан қаласына жеткізілді. Оқиға салдарынан ешкім жарақат алмаған, медициналық көмекке жүгінгендер тіркелген жоқ. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты және құтқарушылардың бақылауында.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button