Әлем тынысыБасты жаңалықтар
Робот алғаш рет бауыр ауыстырды

Гонконг дәрігерлері әлемде алғаш рет тірі донордан бауыр трансплантациясын роботтың көмегімен сәтті жасады.
Операция биыл сәуір айында жүзеге асқан. Мамандардың айтуынша, робот хирургтің қолының дірілін азайтып, отаны әлдеқайда дәл орындауға мүмкіндік береді.
2025 жылдың маусымынан бері осы технологиямен 48 операция жасалып, олардың ешқайсысында асқыну тіркелмеген.
Енді бұл әдісті Гонконгтың мемлекеттік ауруханаларында бауыр трансплантациясына кеңінен енгізу жоспарланып отыр.



