Түркістан өңірінде жалпы өнім көлемі 3 585,8 млрд теңгеге жетті

Өңірде жүргізілген жүйелі жұмыстардың нәтижесінде жалпы өңірлік өнімнің нақты көлем индексі 110,1 пайызды құрады. Биылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша жан басына шаққандағы табыс мөлшері 1 667,0 мың теңгеге жетіп, облыс экономикасының әлеуметтік-экономикалық әлеуеті айтарлықтай нығайғанын көрсетеді, деп хабарлайды turkistanlife.kz

2025 жылдың қаңтар-қыркүйек қорытындысы бойынша өңірде жалпы өңірлік өнім құрылымында басым бағыттар айқындалды. Олар: ауыл, орман және балық шаруашылығы – 495,3 млрд теңге, өнеркәсіп – 567,6 млрд теңге, көтерме және бөлшек сауда – 195,8 млрд теңге, жылжымайтын мүлікпен операциялар – 417,3 млрд теңге, көлік және қойма шаруашылығы – 334,9 млрд теңге, білім – 545,2 млрд теңге және құрылыс – 306,7 млрд теңге.

Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2025 жылғы қараша айына 113,9%-ды құрап, экономикалық өсімнің артқандығын көрсетеді. Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 1 596,0 млрд теңгені құрады. 2024 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда нақты көлем индексі – 113,8%. Тау-кен өндіру саласында өндірілген өнім көлемі 715,7 млрд теңгені немесе НКИ 113,8%-ды құрады. Ал өңдеу өнеркәсібі өнімінің нақты көлем индексі 114,7% деңгейінде қалыптасып, өнім көлемі 770,7 млрд теңгені құрады.


