Басты жаңалықтар
Кесенеге кіру енді QR арқылы
Қазақстандағы бірқатар тарихи-мәдени нысандар цифрлық форматқа көшіріліп жатыр.

Енді Түркістан мен Тараздағы тарихи орындарға билет алу бұрынғыдай ұзақ кезекпен емес, бірнеше секундта жүзеге асады.
Қазірдің өзінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Арыстан баб кесенесі, Қарахан кесенесі, Айша бибі кесенесі және Отырар қалашығы аумағында жаңа цифрлық жүйе іске қосылған.
Енді билет сату мен келушілерді тіркеу толықтай электронды форматта жүргізіледі.
Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Шерхан Талап жыл соңына дейін мұндай жүйе еліміздегі өзге музейлер мен мәдени нысандарға да енгізілетінін айтты.
Соңғы жылдары тарихи орындарға келетін туристер саны көбейіп жатыр. Енді көне мұра мен заманауи технология қатар дамымақ. Ал сіз тарихи орындарға барғанда қағаз билет алғанды қалайсыз ба, әлде QR жүйесі ыңғайлырақ па?



